Бозарық қосалқы стансасы биыл пайдалануға беріледі

«Сақалды» құрылыс аталып кеткен Шымкеттегі Бозарық қосалқы стансасы биыл пайдалануға беріледі. Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлік, құрылыс және коммуналды саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында жауаптылар осылай уәде етті. Жоба басталғалы сыннан көз ашпаған құрылыстың сапасына баса көңіл бөлініп отыр. Депутаттар облыстық бюджеттің атқарылуын талқылай келе қазынадан бөлінген әрбір тиын тиімді жұмсалуы тиіс дейді.

Бозарық қосалқы стансасы биыл пайдалануға беріледі

Құрылысы сағызша созылған Бозарық қосалқы станциясы төңірегіндегі жұмыстар сынның астында қалды. Нысанға 3 млрд теңге бөлінген. Оның 2 млрд теңгесі былтыр игерілмеу қаупі бар деп қысқартылған еді. Жылдың басында қаржыны алып, 12 ай бойы игермей, жыл аяғы таяғанда қаржыны қысқарту дұрыс емес дейді депутаттар.

Дәурен Ахметов, облыс мәслихатының депутаты: «Жыл басында қаржыны бөлеміз. Жылдың соңына дейін сол ақша жатады. Сөйтеміз де қысқарта саламыз. Соған бір адам жауапқа тартылды ма? Осындағы депутаттардың біразы — құрылысшымыз. Мердігерміз. Егер кестеден кешіксек, айыппұл салады. Әйтпесе, лицензиядан айрылады дейді. Ал бұл жерде 2 миллардтап қысқартылады. Қосалқы станцияда не болып жатыр өзі?»

Жауаптылар нысан биыл толық аяқталады деп депутаттарды кезекті рет сендірді. Өйткені, жұмысты ұйымдастыра алмаған мердігерлерге қатысты қатаң шара көрілген екен.

Марғұлан Мараим: «Нысан биыл тапсырылады деп отырмыз. Негізгі қондырғылар 1 тамыздан бастап орнатыла бастайды.»

Құттыбек Жамашев, ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасының басшысы: «Негізгі мердігер мекемесі — «Шымкентхиммонтаж». Былтыр біз оны тексердік. Әкімшілік-құқық бұзушылық кодексінің 312-бабымен шара көрілді. Ал егер биыл сол кемшіліктер тағы қайталанса, біз оның лицензиясын сотқа беруге дайынбыз.»

Депутаттар әкімдік пен оған қарасты басқарма басшыларына заңдылықтарды, ережелерді орындауға шақырды. Жер телімі анықталмай, нысанның құрылысына қаржы бөлуді тоқтату қажет деп баса айтты.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР