//
Жаңалықтар 

Дәрігерлер белгісіз жас жігіттің туыстарын іздестіреді

Шымкентте 20 жас шамасындағы ақыл есі дамымаған тұрғынның жақындары іздестірілуде. Бес айдан бері облыстық жүйке аурулары диспансерінің дәрігерлері науқастың аты-жөнін анықтай алмай отыр. Ол қазір Шымкент қаласындағы арнайы емдеу мекемесіне жабылған.

vlcsnap-2016-06-27-17h39m31s6

Бұл жігіттің қылықтары бір қарағанда жас балаға ұқсайды. Ақыл есінің кемістігі болмаса, диспансердегі дәрігерлердің айтқанын бұлжытпай орындайды. Ол ел қатарлы тамақтанады, дәрісін уақтылы қабылдайды, ұйықтайды, Сондықтан, мұндағы мамандар науқастың тәртібіне ешқандай шағым жоқ дейді.

Бір ескеретіні, науқас ер адамдардан бойын аулақ тартып, сескенеді. Ал дәрігерлер оған зейіні дамымаған деген дигноз қойып отыр. Сондай-ақ, баланың жағдайы туралы ішкі істер қызметі органдарына хабарлама жөнелтілсе де, еш нәтиже берген жоқ. Дәрігерлердің сөзіне сүйенсек, науқастың мұнда ұзақ бөгелуіне болмайды. Сондықтан жас жігітті біліп-таныған жандар болса, Шымкент қаласындағы жүйке аурулары диспансеріне хабарласса болады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz