Екі жасар сәби қаза тапқан жол апатына қатысты қылмысты іс қозғалды

Шымкент қаласында екі жасар сәби қаза тапқан жол апатына қатысты қылмысты іс қозғалды. Бұған қоса қайғылы жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 адам жарақат алған болатын.

Екі жасар сәби қаза тапқан жол апатына қатысты қылмысты іс қозғалды

ОҚО ішкі істер департаментінің мәліметінше, 28 маусым күні сағат 16:00 шамасында Шымкенттегі Жаңаталап ауданындағы қиылыстардың бірінде «Луидор» маркалы бағыттағы таксидің 1976 жылы туған жүргізушісі 32 жастағы Шымкент тұрғынының басқаруындағы «Дэу-Джентра» автокөлігімен соқтығысқан.

Екі жасар сәби қаза тапқан жол апатына қатысты қылмысты іс қозғалды

Соның салдарынан жеңіл көлікте отырған 2 жасар бүлдіршін оқиға орнында шетінеп кетті. Тағы 7 адам жарақат алды. Олар 32 жастағы «Дэу-Джентра» көлігінің жүргізушісі және оның 30 жастағы әйелі, 5 жасар ұлы, шағын автобустың жүргізушісі және 22, 19 және 17 жасар үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Шымкент қалалық ауруханасына жеткізілген.

Екі жасар сәби қаза тапқан жол апатына қатысты қылмысты іс қозғалды

Аталған жайт Абай полиция бөлімінде тіркеліп, қылмысты кодекстің 345-бабымен (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) іс қозғалды. Жол апатына кінәлі адамды анықтау үшін сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Екі жасар сәби қаза тапқан жол апатына қатысты қылмысты іс қозғалды

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР