Күнгейліктер ұлттық музейге 300 жәдігерді сыйға тартты

«Ұлттық музейге сый-тарту». Таяуда күнгейде осындай тақырыптағы акция бастау алды. Шарапаты мол шараға еліміздегі бас мұражайдың басшысы Дархан Мыңбай мен мәдени мекеменің мамандары арнайы келген. Белсенді топ әзірге Оңтүстіктегі құнды жәдігерлерді жасақтап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еркінай Жарқынбекова

Еркінай Жарқынбекова

Еркінай Жарқынбекова — халық аспаптарын жасақтаған марқұм Мұсабек Жарқынбековтың жары. Кейіпкеріміз мәдени шараға жай келген жоқ, бүгінде өзі үшін отағасының көзіндей қастерлі болған ұлттық бұйымдарды таныстыру мақсатында бұрылған. Айтуынша, 45 жыл өмірін өнерге сарпт еткен Мұсабектің еңбегін енді елі елеп, онымен етене танысуы тиіс.

— Бұл — біз үшін қымбат, біз үшін қадірлі, жолдасымның жинаған еңбегі! Ешкімге қимаймын, бірақ жақсы сақталсын деп, Ұлттық мұражайға тапсырып отырмын. 90 жәдігерді бердім. Әлі есімде, отағасы  студент кезінен құмар болды осындай ұлттық бұйымдарға, мынау қалада осындай қобызшы бар, домбырашы бар десе сол тапқан-таянғанын алып, үнді шәйі мен орамалын алып, сол қалаға тартып отыратын, — дейді Еркінай Жарқынбекова.

 

Құны қымбат көне дүниелерді ұлттық қорға тапсыру шарасы осыдан ай бұрын қолға алынған. Енді «Ұлттық музейге сый-тарту» атты акция күнгейде жалғасын тауып отыр. Шарапаты мол шараға еліміздегі бас мұражайдың басшысы Дархан Мыңбай мен мәдени мекеменің мамандары арнайы келіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тарихи туындылар — хан Кененің ұрпағы Файзулла Урмузовтың қолжазбалары мен генерал Асқаровтың шапаны тапсырылды. Сондай-ақ, Бекзат Саттархановтың киім-кешегі мен медальдары, жергілікті қаламгерлердің кітап жинақтары да тарту етілді.

Сонымен, «Ұлттық музейге сый-тарту» атты акция арқылы еліміздің бас музейінің қор-қазынасы тағы 300 жәдігерге толықты. Ал қызметін бастағанына енді ғана 2 жылдан асқан мәдени мекеме мамандарының сөзіне сенсек, бұл игі шара енді өзге де өңірлерде жалғасын табады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР