//
Көлік ұрлаған жігіт ұсталды Жаңалықтар 

Көлік ұрлаған жігіт ұсталды

ОҚО полицейлері көлік ұрлығына қатысы бар 21 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Төле би АІІБ-нің полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында жергілікті тұрғындардың автокөлігін ұрлаған жергілікті тұрғынның ізіне түседі.

Көлік ұрлаған жігіт ұсталды

Тергеу барысында 1995 жылы туған жігіттің ақпан айында орын алған 5 автокөлік ұрлығына қатысы бары анықталды. Жас азамат аулада, үй маңында көліктерінің есіктерін ашық қалдырып кеткен азаматтардың жауапсыздығын пайдаланып, машиналарын ұрлап отырған. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі 4 миллион теңгені құрайды.

Көлік ұрлаған жігіт ұсталды

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 200-бабымен (автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз иеленіп алу) іс қозғалды. Күдікті қамауда. Айғақты зат ретінде тәркіленген автокөлік өз иесіне тапсырылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz