Көп қабатты үйлерге жылу құралы орнатылуда

Тұрғын үй, коммуналды шаруашылықты жаңарту мемлекеттік бағдарламасы аясында көп қабатты үйлерге жылуды есептеу құрылғысы орнатылуда. Құжатқа сәйкес жылуды үнемдеуге бағытталған іс-шара 2020 жылға дейін жергілікті жерлерде толық орындалуы шарт. Есептегіш құрылғыларының тиімділігін Шымкенттегі Еңбекші ауданының тұрғындары алғашқылардың бірі болып байқады.

Көп қабатты үйлерге жылу құралы орнатылуда

Алматылық мекеменің жұмысшылары есептегіш құрылғыны орнатуға кірісіп кеткен. Қажетті бөлшектерді дәнекерлеп, жүйені алдын ала даярлауда. Сайрам шағынауданындағы көп қабатты үйде орнатылған құрылғы — Шымкент бойынша 111-құрал. Мамандар құрал тұтынған жылуды артық шығынсыз есептеп, қалтаңызға тиімділік сыйлайды дейді.

Диар Әбдірасулов, мердігер мекеменің басшысы: «Мына үй ескі үлгіде салынған. Сондықтан құрылғыны екінші қабатта орнатып жатырмыз. Жылу беру маусымы басталғанда тағы бір келіп, жүйені тексереміз. Тұрғындармен түзілген келісім бойынша құрылғының қызметін 4 жыл бойы қадағалаймыз. Осы мерзімде ақау болса, өз есебімізден жөндеуге міндет алдық.»

Тұрғын үй, коммуналды шаруашылықты жаңарту бағдарламасының тиімділігін Еңбекші ауданы әкімдігінің өкілдері халық арасында түсіндіруде. Нәтижесінде 33 көп қабатты үйде берілген жылуды есептейтін құрылғы орнатылыпты.

Бақыт Сыдықов, Еңбекші ауданы әкімдігінің бөлім басшысы: «Былтыр 25 есептегіш құрылғы орнатылса, жылдың басынан бері 8 үйге құрылғы орнатылды.»

Тұрғындар бағасы 750 мың теңгелік жылу құрылғысы үшін 4 жыл бойы есеп айырысады. Ол төлем әр пәтердің көлеміне қарай есептеледі.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР