Күнгейліктер «Айсұлу» операсымен қайта қауышты

842

Араға 6 жыл салып күнгейлік көрермен «Айсұлу» операсымен қайта қауышты. Өңіріміздегі бекзат өнерді дәріптеуші театр 8-маусымын аталған комедиялық туындымен қорытындылап отыр. Қазіргі заманның қыздарын, оның бойындағы қасиетін боямасыз бейнелейтін композитор Сыдық Мұхамеджановтың тұщымды туындысын тыңдап, тамашалаушылардың қатары қалың болды.

Қойылымда «Айсұлудың» қоғамға деген заманауи көзқарасы, сондай-ақ махаббат пен келер күнге артқан сенімі көрініс тапқан. Оқиға желісі елдегі 1950 жылдар, ондағы тың игеру науқанын қамтиды. Бірақ бүгінде ол мәселе маңыздылығын жойған соң көрерменге қызықты әрі сұранысына ие болу үшін қоюшы-ржиссер аз-кем өзгерту енгізген. Яғни, қазіргі қоғаммен байланыстырып, комедиялық бағытта ұсынып отыр.

vlcsnap-2016-06-24-18h27m25s43

Комедиялық опера екі актіден құралған. Алғашында пьеса ретінде «Беу, қыздар-ай» деген атпен тараған шығарма. 1964 жылы композитор Сыдық Мұхамеджанов оны опера жанрымен жаңғыртты. Енді «Айсұлу» операсы күнгейде бекзат өнерді дәріптеуші театрдың алтын қорынан табылып отыр.