Кенеден мерт болған жасөспірім жекеменшік медициналық мекеменің қызметіне жүгінген

Бүгін белгілі болғандай, кене шағып қаза болған жасөспірім Арыс қаласындағы жекеменшік медициналық мекеменің қызметіне жүгінген. Қазір осы іске байланысты қызметтік тексеру жұмыстары басталды. Дәрігерлердің салғырттығы анықталса, олар заң алдында жауап береді.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сейітжамал Пакеев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір марқұммен қарым-қатынаста болған азаматтардың барлығы медициналық бақылауға алынған. Айта кетейік, бұл — жыл басынан бері қырым қанды қызбасы бойынша өліммен аяқталған алғашқы жағдай.

vlcsnap-2016-06-15-12h50m13s146

Сейітжамал Пакеев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Науқастың қаралған жекеменшік медициналық мекемесіне тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Марқұм медициналық көмекке кеш жүгінгенін айта кетейік. Биыл кене шаққандар көп тіркелуде. Барлығына уақтылы көмек көрсетуге тырысып жатырмыз.»

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР