Кішкентай пациенттерге тарту жасалған күн

Ауруханаға келген балдырғандар дәрігерлердің дайындаған тосын сыйына тап болды. Бүгін Асар шағынауданындағы №1 қалалық балалар ауруханасы келген кішкентай пациенттердің көңілін ертегі кейіпкерлері көтерді. Бала қиялына ерік берген ақ халаттылар аурухана ауласына сурет салуға да рұқсат берді.

Аурухана ауласы бір күнде шығармашылық алаңға айналды. Түрлі түсті бормен салынған суреттер балалардың өз қолымен безендірілген. Аяулым Қазыханқызы да қиялына ерік беріп, достарын атаулы мерекемен құттықтады.

 Әрбір кішкентай пациентін ерекше қарсы алған ақхалаттылар олардың денсаулығына да аса мән берді. 1 келі 230 грамм болып дүние есігін ашқан Айнұрдың салмақ қосуына барлық жағдай жасалған. Заманауи құрылғылармен жабдықталған медициналық мекемеде білікті дәрігерлер қызмет етеді.

Анара Нұрмаханова, врач-неонатолог: «Сәбидің бүгінгі жағдайы жақсы. Күн сайын салмақ қосып жатыр. Анасы тамақтандыруды және бала күтімін жасауды үйренген».

Айта өтейік, №1 қалалық балалар ауруханасы былтыр ақпан айында ашылған болатын. Көпсалалы медицина мекемесінде жедел медициналық көмек көрсету бөлімінен бастап , педиатрия, жансақтау, оңалту сияқты 9 бөлімше жұмыс істейді.
«Басты байлық — балалардың күлкісі!» ұранымен өткен акция аясында балдырғандардың дұрыс тамақтану жолдары да көрсетілді. Ем-дом қабылдауға келген балдырғандарға мерекелік ас мәзірі де ұсынылды.

 

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР