//
Жаңалықтар 

Мүмкіндігі шектеулі жандар “Біз біргеміз” фестивалінде бақ сынады

Өмірін өнермен ұштастырғандар. Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жастар арасында «Біз біргеміз» атты шығармашылық конкурс өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын байқауға биыл отбасылы жандар көптеп қатысқан. Мүмкіндігі шектеулі бола тұра, өмірге құштар жандардың өнер байқауына біздің арнаның түсірілім тобы қатысып, қолдау көрсетіп қайтты.

Ағаштан түйін түйіп, қылқаламын серік еткендер. Киізден киім жасап, қиялына ерік бергендер. Олардың қатарында өз жұмысын ұсынған Руслан Романов та бар. №6 мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған балалар үйінің тәрбиеленушісі кішкентайынан көз моншақты пайдаланып, қолөнер жұмыстарын жасаумен айналысады.

Руслан Романов – фестивальге қатысушы:” Бұл менің қызығушылығымнан туындаған дүниелер. Қолөнер жұмыстарын жасау маған қатты ұнайдйы. Мидың жұмыс жасауына әсерін тигізеді. Адам демалады. Бір жүмысым ойдағыдай аяқталса, келесі туындыны жасауға шабытым оянады”.

Құлағы нашар еститін балаларға арналған мектептің оқушылары ән айтуда
Құлағы нашар еститін балаларға арналған мектептің оқушылары ән айтуда

Мүмкіндігі шектеулі жандардың басын қосқан конкурс қаламызда жыл сайын өткізіледі. Қатысушылар шығармашылық жұмыстарын көрсету, өнерлерін ортаға салу, өздерін таныстыру сынды бірнеше сынақтан өтеді. Әртістік қабілеттері де сыналады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау білдіруге бағытталған шарада тіпті бизнес жобасын ұсынғандардың да жұмыстары ескеріледі.

Мақсат
Мақсат Қаңлыбеков

Ерлі -зайыпты Мақсат пен Айым сахна сыртында соңғы дайындықтарын пысықтауда. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын Мақсат арбаға таңылғанына ешқашан мойыған емес. Бақытн өнерден тапқан жігітке үнемі қолдау білдіретін де жұбайы. Ал конкурсқа қатысу арқылы мүмкіндігінің шектеулі еместігін дәлелдегісі келеді.

Мақсат Қаңлыбеков- фестивальге қатысушы: “Мен өз өнерім арқылы өзгелерге үлгі болғым келеді. Біздің де талантты екендігімізді дәлелдегім келеді. Кейде жандары жабырқау тартқан мүмкіндігі шектеулі азаматтар бізге қарап, өздерінің де қолдарынан келетінін түсінсе екен деймін. Сондықтан бүгінгі кеште жұбайым екеуміз қосыла ән шырқаймыз”.

Аталған конкурста қатысушылардың ішінде отбасылы жандар көп және бұл қуанышты жағдай дейді қазылар. Өйткені мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға сіңісіп, өз орнын табуда отбасының маңызы зор. Ал өз бақытын жанұядан тапқан жандар өзге саладағы қиындықтар ға төтеп береді дейді. Ал «Біз біргеміз» конкурсының жеңімпаздары түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz