Мүгедек жандарға үйде де қызмет көрсетіледі

536
мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істеуге құлықты

Енді І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар «Азаматтарға арналған үкімет» көрсететін қызметтерді мемлекеттік корпорацияның кеңселеріне бармай-ақ ала алады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысын бастағалы бері мобильдік топтар 3 670 мүмкіндігі шектеулі жанға барып, 5 761 қызмет көрсетті

мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істеуге құлықты

Олардың ішінде жылжымайтын мүлік пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға сұраныс көп. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтің айтуынша, мемлекеттік корпорация І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып қызмет көрсету бойынша ХҚКО тәжірибесін жалғастырып отыр.

Азаматтар мобилді топты шақыру үшін бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне телефон шалса, болғаны. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері шақыртушыға 72 сағат ішінде барады.

Жалпы, аталмыш корпорация мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызмет көрсетуге көп көңіл бөліп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арбадағы мүгедектер үшін пандустар, шақыру нүктелері орнатылған. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында әр түрлі қызметтерде 360 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыс істейді.