//
Мал терісі көршілердің кикілжіңіне себеп болды Жаңалықтар 

Мал терісі көршілердің кикілжіңіне себеп болды

Қолқаны қабатын иістен қор болған Алдияров көшесінің тұрғындары наразылығын білдірді. Айтуларынша, көрші орналасқан ғимаратта мал терісін қабылданып, өңделеді. Одан шыққан қалдық су арыққа ағып, иіс мұрынды жарады. Осылайша санитарлық талапты сақтамайтын кәсіпкер туралы көршілері талай жерге шағымданғандарын айтады. Бірақ, ешқандай нәтиже шықпапты.

Бір кездері бұл үйлерде тазалық пен татулық қоса қайнаған заман болған. Ал бүгінде үй қабырғалары сызаттанып, сылақтары жарылғаны байқалады. Тұрғындар бәріне осы маңда орналасқан тері өңдейтін орынды кінәлайды.

Қолқаны қапқан иіске шыдай алмаған тұрғындар алдымен Еңбекші аудандық әкімдігіне арызданған. Нәтиже шықпағасын учаскелік полицейлерден араша сұрапты. Өкінішке қарай, шенеуніктер шырылдаған халықтың сұрайын қанағаттандыра алмаған.

Айбек Қасымов, учаскелік полиция инспекторы: “Біз нысаның иесін таба алмай жүрміз”.

Көпшілік шағымданған нысанда тілшілер де болды. Алайда жеке аумақ екенін ескертіп, күзетшілер ішке бір қадам басқызбады. Бірақ, тілішілердің келгенін естіген кәсіпкер төбе көрсетті. Ол өз ісінің дұрыстығын дәлелдеп бақты.

Мал терісі көршілердің кикілжіңіне себеп болды

Көшені ластап, ауаны тарылтқанын дәлелдеп берген тұрғындар кәсіпкердің уәдесін алды. Енді ол тазалық сақтап, арық-атызды залалсыздандырады. Ал қабырғасы зақымдалған үйді жөндеуді әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz