Мамандар су қысымы неліктен төмендегенін түсіндірді

390

ауызсу жоқШымкентте су қысымы төмен. Аптап ыстықта ауызсудан тарлық көрген қалалықтар редакцияға толассыз қоңырау шалып, көмек сұрауда. Айтуларынша, бірер ауданда су қысымы төмен. Соның салдарынан тіршілік нәрін қажетінше пайдалана алмай отыр.

Ал «Су ресурстары – Маркетинг» мекемесінің мамандары кешкі уақытта кейбір шағынаудандардағы су қысымының төмендейтінін растап отыр. Дегенмен, бұл уақытша құбылыс екенін айтады. Оның үстіне шаһар тұрғындарының жазда тіршілік нәрін көптеп тұтынуынан осындай олқылықтар орын алатынын жасырмады.

Яғни, ыстық ауа райынжа суға деген сұраныс бірден 40 пайызға өседі екен. Қаладағы су жүйесін тәулігіне 24 сағат бақылауда ұстап отырған жауаптылар су өшіп қалса немесе қысым төмендеген жағдайда 32-12-74 немесе 8 708 110 21 21 (ватсап) нөміріне хабарласуды сұрайды.