Марокко шегірткесі Ордабасыдан Арысқа жетті

шегирткеОндаған гектарға қарбыз еккен дихандар егінін тастап кетіп жатыр. Марокко шегірткесі көк түйнектің дымын қалдырмай, алқапты тып-типыл етіп тастаған. Ал 500 гектарға бар-жоғы екі техника бөлген шенеуніктер шаруалардың аздап шығынға ұшырайтыны болмаса, қауіптенетін түк жоқ деп жайбарақат отыр.

Оншақты күнде өнім алып, пайда табамын деп құлшынып отырған Ғалымжан Әлиевтің бүгінде салы суға кеткен. Алқапты шегіртке қаптап, әне-міне піскелі тұрған қарбызды көктей солдырған. Қолдан бірнеше рет дәрілегеннен қайран болмапты. Еңбегім еш кеткені өз алдына, шаш-етектен шығынға баттым деп шырылдайды шаруа.

Ақыр-тақыр болған алқапта пісуге шақ қалған қарбызды кеміріп тастаған шегірткелер егістіктен дым қалдырмаған. Көк түйнекпен күнелтіп отырған көпшілік не істерін білмей дал.

Жергілікті тұрғындардың сөзіне сенсек, бұл маңай — шегірткенің ошағы. Ордабасы ауданы аумағындағы жерден ауған зиянкестер Арыстағы алқапқа лап береді. Мамандар марокколық деп таныған шегірткенің бұл түрі қазір тал-дарақ пен шөпке де қырғидай тиюде. Ең ащы адыраспанды да кеміріп жатқан жәндік күні ертең мал мен адамға да тие ме де үрейленіп отыр. Ал жергілікті тұрғындар елге келген бұл алапатпен күреске көңілі толмайды.

Тұрғындардың айтуына қарағанда, зиянды жәндік осындан оншақты күн бұрын пайда бола бастаған. Ал салаға жауаптылар зиянкерстермен күрес мақсатында берілген қаржыны мамыр айында-ақ жұмсап қойғанын айтады. Техника мен дәрінің тапшылығын жасырмаған шенеуніктер бірер күнде зиянкестердің түгелдей көзін жоюға уәде етіп отыр.

Жергілікті билік өкілдері шығынға батқан шаруаларға ешқандай материалдық көмектің көрсетілмейтінін ашық айтты. Негізгі күнкөрісінен күдер үзген көпшіліктің жауаптыларға өкпесі қара қазандай. Ендігі үміті — еіміздің ауыл шаруашылығы министрінде.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР