//
Жаңалықтар 

Мемлекеттік рәміздердің талаптары қалай сақталады?

4-маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. Мереке қарсаңында, шаһарымсыздағы көк туға қатысты бектілген тиісті талаптарды тағы бір тиянақтадық. Сондай-ақ, көк туды көктен ғана бақыламай, кеудесіне тағып жүрген халық қалаулыларының жауапкершілігін таразылауға тырыстық.

Елімізде отандық ойыншық – қуыршақтан бастап, бойында қан жүгірген әрбір қазақстандықтың жігер-ұраны бар. Мемлекеттік нышан 2006 жылы 6-шы қаңтар күні қазақ тарихына енгені есімізде.

1992 жыл, 4-маусым – қазақ тарихындағы айтулы күн. Тәуелсіз Мемлектіміздің тұңғыш президенті Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері-әнұран, ту мен елтаңбасын ресми бекітіп, заңдарға қол қойды.

Сол уақыттан бері Мемлекеттік рәміздер еліміздің аумағындағы барша мемлекеттік мекемелерге орнатылды. Туымыз ғимараттың маңдайына ілініп, мемлекеттік қызметкерлердің кабинетінде оң жақ бөлігінде елтаңбаның қас бетіне қойылады. Сондай-ақ, бұл тәртіп тоқсан сайын тексеріліп, мемлекеттік нышандар заң аясында қорғалып келеді.

Қанат Қалыбеков, Шымкент қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы: “ҚР Рәміздер туралы заңының арнайы бабына сәйкес,  егер мемлекеттік ту және елтаңбаның  пайдалану белгілі дәрежеде жүргізілмесе, 200 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынады. Ал егер мемлекеттік мекемелерде басқа да мекемелерде олардың орналасуы міндетті болса, олар іске асырылмаса онда оларға 400 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынады”.

Облыстық Мәслихаттың депутаты Ө.Мелдеханов көк туды көктен ғана емес, кеудесінен де көреді. 22 жылдан бері халық қалаулысы мандатын иемденген депутат жалауды жанында ұстаудағы жауапкершіліктің жүгін жасырған жоқ.

Өмірзақ Мелдеханов
Өмірзақ Мелдеханов

Өмірзақ Мелдеханов, облыстық мәслихаттың депутаты:”Жауапкершілігім сол – халық сайлаған соң, солардың игілігі үшін қызмет ету! Өмірі мен қауіпсіздігі, жағдайын жасау! Мейлінше, халықтың мүддесін ойлап, әрдайым олардың қамын бағып жүремін. Кеудемдегі көк туға қараған сайын, бұл жауапкершілік есетей түсетінін мойындаймын!”

Күнгейдегі көкке ең жақын жайғасқан көгілдір жалауымыздың биіктігі – 50 метр. “Тәуелсіздік саябағының” төрінен орын алған тудан бөлек, шаһарамыздағы кез келген мемлекеттік мекеменің маңдайында марқая ілінген. Бұл – азат елдің айбынын танытып, бейбіт өмірдің бейнесін айқындаса керек.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz