Министрмен селекторлық жиын өтті

Шаруаны мемлекеттен бөлінетін субсидия мен тым кеш ескерілетін жағдайлар мазалайды. Облыс әкімдігінде ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовпен онлайн режимде селекторлық жиын өткен болатын. Өңірдің басты бағытына айналған салада түйткілдер көп. Сондықтан сауалына жауап алғысы келгендер аз болмады.

Министрмен селекторлық жиын өтті

Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың қатысуымен өткен селекторлық жиында өңірлерден қатысқан шаруалар да көкейіндегі сауалдарын қоя алды. Көптен бері тікелей байланыстағы мұндай жиынның өтпегені бірден байқалды.

Күрмеу мен түйіні көп салаға шындап көңіл бөлетін кез келді дейді шаруалар. Олардың ойынша, егін және мал шаруашылығын дамыту үшін үкімет тарапынан қолдау қажет. Жоғарыда айтылған мәселелер мен тапсырмалар жергілікті жерге жете бермейтіні немесе кеш жететіні ендігі жерде кешірілмейді.

Министр де субсидия беру жолдарының оңай еместігін біледі. Оны барынша оңтайландыру қажет. Бұл тұсты шешуге жұмыс тобы құрылғанын айтты.

Селекторлық жиында тараздық диқандар биылғы астық орудағы күрделіктерді көтерді. Олар да үкіметтен көмек күтіп отыр. Әйтпесе, жағдайымыз тым ауырлайды дейді көршілеріміз.

Мемлекеттік субсидия жыл басынан берілсе, жүздеген шаруа тірлігін тындырымды етер еді. Ол тек шаруаға емес, мемлекетке де тиімді. Аграршылар әлі де мәселе шешіледі деген үмітпен тарқасты.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР