//
Жаңалықтар 

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» өнер фестивалі мәресіне жетті

Оңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі мектеп-интернаттар және балалар үйлері тәрбиеленушілері арасында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» тақырыбындағы өнер фестивалінің гала концерті өтті. Қорытынды мерекелік шараға 12 мектеп-интернат пен 5 балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.

123

Фестивалдің мақсаты – жасөспірімдерге ұлттық өнеріміз бен құндылықтарымызды кеңінен насихаттап, оларды отансүйгіштікке баулу, шығармашылық қабілеті зор жас таланттарды анықтау болып табылады.

Облыс бойынша аталған білім ұйымдарынан үш мыңдай өнерпаз қамтылып, қорытынды концертке сараптаудан өткен 300-дей оқушы жолдама алды.

Фестиваль қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған білім мекемелерінің тәрбиеленушілері, барлық өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар облыстық білім басқармасының дипломдарымен марапатталып, арнайы сыйлықтар тапсырылды. Өнерпаздардың жетекшілеріне мадақтамалар табыс етілді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz