ОҚО әкімдігі марапаттаған БАҚ өкілдері

Оңтүстік Қазақстанда 28 маусым – байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай 100-ге жуық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі марапатталды. Осы орайда облыс әкімдігінің баспасөз қызметі өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов пен облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, облыстық мәслихаттың хатшысы Қамытбек Айтөреев және Қазақстанның журналистері одағының атынан табысталған бірқатар сый-сияпат ретін жариялады.

ОҚО әкімдігі марапаттаған БАҚ өкілдері

Шымкенттегі «Grand Holiday hall» мейрамханасында өткен салтанатты жиында «Оңтүстік Қазақстан» газеті бас редакторының бірінші орынбасары қызметін атқарған ардагер Асқанкүл Майлыбаева мен облыс әкімінің фото тілшісі Хусан Азизов «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл күні облыс әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хаты журналистика саласында еңбек етіп жүрген 17 азаматқа табысталды.

ОҚО әкімдігі марапаттаған БАҚ өкілдері

Салтанатты шара кезінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланым аталымы бойынша бірқатар БАҚ пен журналистің мерейі үстем болды. Мәселен, «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын кеңінен насихаттаған үздік телеарна»номинациясын жергілікті «Айғақ» телеарнасы алса, республикалық телеарналар арасында «Ең үздік аймақ тілшісі» номинациясын «Хабар» телеарнасының меншікті тілшісі Әбдез Рахманұлы мен «КТК» телеарнасының меншікті тілшісі Марина Низовкина иемденді.

ОҚО әкімдігі марапаттаған БАҚ өкілдері

Республикалық басылымдар арасында «Ең үздік аймақ тілшісі» аталымына «Время» газетінің тілшісі Зәуре Мырзаходжаева және «Жас Алаш» газетінің тілшісі Ғалымжан Елшібай лайықты деп танылды. «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын кеңінен насихаттаған үздік басылым»номинациясы «Жанубий Қозоғистон» газеті мен «Жебе» ақпараттық агенттігіне берілсе, «Алтын қауырсын» аталымы Алиса Масалёваға («Южный Казахстан» газеті), «Алтын микрофон» номинациясы Ринат Хамидулинге («ТВК» телеарнасы) бұйырды.

ОҚО әкімдігі марапаттаған БАҚ өкілдері

Айрықша айта кететін жайт, биыл БАҚ өкілдерін марапаттау рәсіміне алғаш рет министрліктердің марапаттары қосылды. Нақты айтқанда, Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының бас режиссері Арыстан Отарбаев пен «Оңтүстік Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары Ертай Бекқұлов ие болды.

Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігінің Президенттің жүргізіп отырған жаңа индустрияландыру саясатын және министрліктің жұмысын халыққа шынайы жеткізудегі қарымды істері үшін «Отырар» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы Ардақ Жақсылықова мен Шымкент қаласы әкімі баспасөз қызметінің қызметкері, «Айқын» газетінің меншікті тілшісі Нұршат Төкен марапатталды.

Ал Қазақстанның журналистері одағының «Қазақстанның құрметті журналисі» медалі «Қаржы» газетінің редакторы Слам Нұрмағанбетовке табысталды.

ОҚО әкімдігі марапаттаған БАҚ өкілдері

Сонымен қатар мерекелік шарада «Отансүйгіштік мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады» атты еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланымдар конкурсының жеңіспаздары мен ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Облыстың дамуы фотограф көзімен» фотоконкурсының үздіктеріне және ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Төлегеннің арнайы марапаттарын табыстау рәсімдері де назардан тыс қалған жоқ.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР