ОҚО әкімдігі: «Желден келген шығын барынша жылдам қалпына келтіріледі»

Оңтүстікте күшті желдің салдарынан болған шығын ең қысқа мерзімде қалыпқа келтіріледі. Бұл туралы ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдай басқармасының басшысы Александр Путейко мен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлім етті.

Желден келген шығын ең қысқа мерзімде қалпына келтіріледі

Баспасөз жиынында белгілі болғандай, күшті дауылдың салдарынан Отырар ауданына қарасты 7 ауылдық округтегі 650 үй мен 20 әлеуметтік нысанға зиян келіп, алдын ала болжанған шығын көлемі шамамен 75 млн теңгені құраған, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Спикерлердің айтуынша, бүгінгі таңда ондағы 156 баспана кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындардың күшімен қайта қалпына келтірілген. Ал Түркістан қаласындағы Қарашық ауылдық округінде көлемі 500 шаршы метр болатын 1 мектеп пен ауқымы 964 шаршы метрді құрайтын «Ататүрік» атындағы білім ордасының шатыры ұшқан. Аталған білім ордаларына келген шығын 12 млн 271 мың теңгені құрады.

Түркістан қаласы мен Отырар ауданы әкімдерінің шешімі негізінде қос өңірде жергілікті маңыздағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл тосын жағдайдан келген шығынды заң аясында төлеуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда үзілген электр желілері қайта қалпына келтіріліп, электр қуаты толығымен берілді. Сондай-ақ, қос ауданда дауылдың салдарынан болған залалды жоюмен айналысатын арнайы топтар мен еріктілер тобы құрылды.

Еске салайық, 14 маусым күні түнде болған күшті желдің салдарынан Отырар ауданы мен Түркістан қаласында жүздеген нысанның шатыры ұшып, ғимараттарға зиян келген болатын. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, аудандардағы жағдай облыс әкімінің жіті бақылауында.

Пікір қалдыру

1 пікір - "ОҚО әкімдігі: «Желден келген шығын барынша жылдам қалпына келтіріледі»"

Маған хабар беру:
777

Ресейдің 7 әскери сынақ полигондары мен 3 космодромдарынан Қазақ жері мен Еліне келіп жатқан зияндар мен шығындарды есептеп жатқан жан жоқ?! Бәрі бетімен жіберілген. Біздің билік пен төтенше қызмет өкілдері солардан келген апаттар мен басқа да ауыр зардаптарды жоюмен ғана айналысуда. Өз жеріміз бен табиғатымызға егелік ететін күн қашан туады? Әлде құлдық пиғылдағы отаршылдардың тепкісін көрген үркек биліктің арқасында осындай қор күндерді кеше беру жалғаса бере ме? Жұмабек Тәшеновтей арыстан ұлдар қашан билікке келер екен?!!!?

wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР