ОҚО дзюдошылары ел чемпионатында жеңімпаз атанды

ОҚО дзюдошылары Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды. Сарыағаш ауданында 17-19 маусым аралығында дзюдодан 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті.

Аудандар арасында алғаш рет ұйымдастырып, Сарыағашта өткен жарысқа Астана, Алматы, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Петропавл және өзге де қалалардан жас спортшылар қатысты. Чемпионаттың ашылу салтанатына аудан әкімі Б.Парманов, мемлекеттік аға жаттықтырушы Е.Байжұманов, ҚР дзюдо федерациясының референт-директоры М.Нұртазин қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте І орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, ІІ орынды Алматы облысы, ІІІ орынды Алматы қаласы иеленді.

ОҚО дзюдошылары ел чемпионатында жеңімпаз атанды

Ал салмақ дәрежелері бойынша 46 келіде күрескен сарыағаштық жерлесіміз Шерзод Дәулетов чемпион атанды. Шерзод бұған дейін де түрлі халықаралық жарыстардан жүлделер алып үлгерген болатын.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР