Оңтүстікте 1883 бітіруші шектік балды жинай алмаған

Оңтүстікте 1-2 балл жинай алмаған түлектер бар. Ал 1883 оқушы шектік деңгейден өте алмаған. Есесіне 125 бал жинаған үздіктердың саны алтау болып, облыстық  көрсеткішті көтерген. Сондай-ақ, 124 балл жинаған оқушылар саны — 18. Оның 11-і Шымкент қаласынан, тағы төрт оқушы Арыс қаласынан болса, Ордабасыдан — 2, Мақтааралдан 1 оқушы бар.

ҰБТ

ҰБТ нәтижесінде өңірдің орташа көрсеткіші 77,7 балл. Бұл былтырмен салыстырғанда 1 балға кем. 2-8 маусым аралығында өткен мемлекеттік сынақтың нәтижесін шығарған облыстық білім басқармасы Сарыағаштық шәкірттердің ең төменгі нәтиже көрсеткенін жеткізді. Ал Кентау қаласының бітірушілері жоғары балмен өңірде көш бастаса, шымкенттіктер екінші орыннан көрініпті.

Биыл алтын белгіден үміткер 1439 оқушының 575-і үмітті ақтап шығыпты. Әсіресе, Мақтаарал ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің 40 оқушысы ел бойынша үздік нәтиже көрсеткені белгілі болды. Ол өңірдің түлектері осымен үшінші жыл қатарынан ел мақтанышына айналған. Ал «Үздік атестатқа» үміткер 608 бітірушінің 167-сі білімін дәлелдеп шыққан.

Оңтүстікте мемлекеттік сынақ кезінде ереже бұзған 3 оқушы аудиториядан шығарылған. Біреуі Сарыағаш қаласының бітірушісі. Ол өзінің орнына өзгені кіргізбек болған. Ал мақтааралдық екі түлек аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіргені үшін сынақтан шығарылды.

Еске салайық, биыл облыста 31 285 оқушы мектеп бітірсе, оның 19 798-і ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Оның ішінде 19 691 оқушы сынаққа кіріп, тест тапсырды.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР