//
Жаңалықтар 

Оңтүстікте 5 күнде түн ішінде жүрген 407 жеткіншек анықталды

Түнгі рейд барысы

Оңтүстік Қазақстан облыстық жергілікті полиция қызметі мектеп оқушыларының жазғы демалысы кезінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейд өткізді. «Жазғы демалыс» атты тексеру 10-14 маусым аралығындағы бес күн бойы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Рейдке прокуратура, «Нұр Отан» партиясы, облыстық маслихаттың депудаттары, білім, денсаулық сақтау, спорт, жастар саясаты мәселелері, жастар ресурстық орталығы, ата-аналар комитеті, үкіметтік емес ұйым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты 453 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды. Оның ішінде балаларын тәрбиелеу жөніндегі мiндеттерiн орындамағаны үшін 27 ата-анаға қатысты іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау мақсатында сотқа жолданып отыр.

Ал сағат түнгі 23:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз үйден тыс жүрген 407 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына әкімшілік шара қолданылды. Ата-анасының қадағалауынсыз жүрген 17 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Сонымен қатар құқық бұзушылыққа бейім 72 жасөспірім және 48 қолайсыз отбасы ішкі істер органының есебіне алынды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz