//
Оңтүстіктің 15 спортшысы әлем чемпионы атанды Спорт 

Оңтүстіктің 15 спортшысы әлем чемпионы атанды

Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары жыл басынан бері әлем чемпионаттары мен кубоктарына қатысып, 15 алтын, 8 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды. Сонымен қоса 2016 жылдың 5 айында өңірдің оғландары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 361 алтын, 360 күміс, 344 қола медальға қол жеткізсе, Азия чемпионаттарында 13 алтын, 14 күміс және 16 қола медальге ие болды.

Оңтүстіктің 15 спортшысы әлем чемпионы атанды

Осы уақыт ішінде аймақта 13 халықаралық дәрежедегі, 55 Қазақстан Республикасының спорт шеберлері мен 317 спорт шеберіне үміткер дайындалды. Айта кетейік, биыл Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға бүгінде облыс спортшылары 17 жолдама жеңіп алып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде спорт саласының дамуына көп көңіл бөлініп келуде. Осы спортшыларымызға жасалған жағдайдың нәтижесінде бүгінде олар жоғары көрсеткішке қол жеткізіп келеді.

Жалпы облыста 59 (36 олимпиадалық, 23 олимпиадалық емес) спорт түрлері дамып келеді. Осы бағытта 5193 спорт нысаны жұмыс істеп тұр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz