ОҚО әкімі Сайрам ауданын аралады

285
ОҚО әкімі Сайрам ауданын аралады

Облыс басшысы Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болып, бірқатар нысандарды аралады. Сапар барысында әкім облыс үшін транспорттық маңызы бар «Манкент» теміржол бекетіне барып, ондағы жағдайды бақылады.

Мұнда келуші халыққа жағдай жасалмағанын айтқан Бейбіт Бәкірұлы стратегиялық маңызды нысанды ретке келтіруді тиісті сала басшыларына тапсырды. Темір жол бекетінде халықпен сөйлесіп, өтініштерін тыңдады.

ОҚО әкімі Сайрам ауданын аралады

Сонымен қатар аудандағы орталық базар да өңір басшының назарынан тыс қалған жоқ. Мұнда ретсіз сауда мəселесі бар екенін жəне санитарлық талаптарға сай еместігін көрген облыс әкімі базарға келушілер үшін көлік тұрағы қажет екенін білді. Осы мәселелерді тез арада тиісті деңгейде шешуді тапсырған өңір басшысы ретсіз сауда жасайтын азаматтарға Ақсу базарынан орын беруді тапсырды.

Сапар соңында облыс басшысы іргетасы 1932 жылы саз-балшықтан қаланған, бүгінде апатты жағдайда тұрған N11 Манкент мектебін аралады. 1215 оқушыға шақталқан өзбек мектебінің құрылысына 678 млн теңге қаржы керек.

Үш ауысымда білім беретін білім ошағының мәселесін шешу үшін өңір басшысы бастапқы қаржыны аудандық бюджеттен бөлуді тапсырып, қалған ақшаны кейіннен облыстық бюджеттен бөлуді жүктеді.