Оңтүстікте биыл 156 үй пайдалануға беріледі

181
Шымкентте «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы пәтер алып беремін деп жұртты сазға отырғызып кеткен алаяқтардың бары мәлім болды

Шымкентте «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы пәтер алып беремін деп жұртты сазға отырғызып кеткен алаяқтардың бары мәлім болды

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында 470 мың шаршы метр болатын 207 үй салынуда. Жыл соңына дейін осы үйлердің 156-сы пайдалануға беріліп, 3992 тұрғын жаңа пәтерге ие болады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл үйлердің ішінде 85 үй мемлекеттік бюджет есебінен болса, 35 үй «ҚИК» және «ҰБХ «Бәйтерек» АҚ арқылы, ал 5-і «Самұрық қазына» АҚ арқылы салынып, пайдалануға тапсырылады. Сондай-ақ, коммерциялық тұрғын үйлер бойынша – 28, тұрғын үй комбинаттары арқылы 4 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Аталған үйлердің құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, тұрғындарға беріледі деп күтілуде.

Айта кетейік, ел тәуелсіздігі жылдары (1991-2015 ж.ж.) облыс бойынша барлығы 8 миллион 827 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылған. Яғни – 173 мың пәтер. Соның ішінде 72 мың пәтер халық қаржысы есебінен жеке тұрғын үй құрылысы болып табылады.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету елдің тұрмыс деңгейінің дамуына септігін тигізеді. Сонымен қатар құрылыс саласының дамуы басқа да өндіріс салаларының дамуына әсерін тигізеді.