Облыс әкімі апатты жағдайды өз бақылауына алды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Отырар ауданындағы апатты жағдайды өз бақылауына алды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оңтүстікте дауыл 300-ден аса ғимараттың шатырын жұлып кетті

Өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов пен облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Александр Путейко Отырар ауданында болып, кеше түнде қатты желдің салдарынан зақымданған нысандардың жағдайымен танысты. Арнайы жұмыс тобы мұнда тұрғын үйлер мен 4 мектеп, 1 балабақшаның, сонымен қатар, Маяқұм ауылындағы №30 жекелеген өрт сөндіру бекетінің шатыры ұшып, ғимараттарға айтарлықтай зиян келгенін анықтады. Ал Түркістан қаласы мен Бәйдібек ауданындағы 1 нысанға қатты зиян келген.

Табиғаттың тосын мінезінен болған оқыс оқиғаның салдарына куә болған аймақ басшысы жауапты сала мамандарына жеке тұрғын үйлердің шығындарын тіркеуге алып, істі бақылауға алу арқылы жергілікті халыққа барынша жағдай жасау керегін тапсырды. 

Еске салайық, 14 маусым түні сағат 22:30-23:25 аралығында ОҚО аумағында жылдамдығы секундына 25-30 метрге жететін күшті жел Отырар, Бәйдібек аудандары мен Түркістан қаласындағы 300-ден астам үй мен әлеуметтік нысандардың шатырын ұшырып, ағаш және электр бағаналарына зиян келтірді. 

ОҚО ТЖД мамандарының алдын ала мәліметінше, күшті желден ғимараттардың шатырлары толық немесе жартылай ұшып кеткен. Облыс әкімі бұл жағдайды өзінің жіті бақылауына алды. Қазіргі таңда оқиға орнында арнайы комиссия құрамы жұмыс жүргізіп, келтірілген шығынның көлемін анықтап жатыр. Зардап шеккен адамдар жоқ.

Ал «Қазгидромет» орталығы мамандарының болжамынша, мұндай ауа райы өңірде әлі екі күнге созылады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР