Облыс әкімі БАҚ өкілдерін марапаттады

Оңтүстік Қазақстан облысында «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Облыс әкімі БАҚ өкілдерін марапаттады

Мерекелік шараға қатысқан өңір басшысы барша қаламгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, өңірдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени тыныс-тіршілігін бұқаралық ақпарат құралдарында жоғары кәсібилікпен жарыққа шығарып, қоғамдық сананы қалыптастыруға қосқан үлестері үшін алғысын білдіре келе, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен және облыс әкімінің грамотасын сондай-ақ алғыс хаттарын тапсырды.

 — Журналистика – қоғамды тәрбиелейтін, оның санасын өзгертіп, өсіретін негізгі күш,- деді Бейбіт Бәкірұлы. — Сіздер Президентіміздің жасампаз идеяларының төңірегіне қоғамды топтастырып, ұлтты ұйыстыруға зор үлес қосып келесіздер. Алдағы уақытта да егемен еліміздің игілігі үшін жемісті еңбек ете берулеріңізге тілектеспін.

Бұл күні қоғамның дамуына айрықша үлес қосқан және журналистикаға еңбек сіңірген 100-ден астам қаламгер орден, медалдармен наградталып, алғыс хаттармен марапатталды.

Облыс әкімі БАҚ өкілдерін марапаттады

Айта кетсек, бүгінде өңірімізде 253 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді. Олардың ішінде 175 газет, 48 журнал, 13 телеарна болса, 13 сайт және 4 радио бар. Жалпы еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының шамамен 30 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР