Облыс әкімі БАҚ өкілдерін мерекемен құттықтады

570
Бейбіт Атамқұлов
Бейбіт Атамқұлов

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бейбіт АтамқұловАтамқұлов

Қадірлі оңтүстіктің қаламгер қауымы! Сіздерді бүгінгі байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлы Отанымыздың жеңістері мен жетістіктерін насихаттауда, өңіріміздің тұрақты қоғамдық-саяси ахуалын бекемдеу ісінде күнгейлік журналистердің қосқан үлестері орасан зор. Келешекте де қаламұштарыңыз туған Атамекеннің қуаныштары мен жетістіктерін қалың жұртшылыққа жеткізуге асық болатынына нық сенімдемін!

Қаламдарыңыз ешқашан мұқалмайтын қарымды, айтаройларыңыз ұшқыр да жарқын, берер ақпараттарыңыз шынайы һәм әділ болсын! Отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс пен ынтымақ және шығармашылық табыстар тілеймін!

Құрметпен, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов