Облыста шомылу науқаны басталғалы 36 адам суға кеткен

283

55555555555555555555555Облыста шомылу науқаны басталғалы бері 36 адам суға кеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 оқиғаға артық. Қайғылы жағдайлар, әсіресе Шардара, Мақтаарал аудандарында жиілеп отыр.

Өңірде орын алып отырған жазатайым жағдайларға төтенше жағдай мамандары шолу жасап шықты. Құтқарушылардың айтуларынша, суға кеткендердің дені – балалар.

Бұл ретте ата-аналардың жауапсыздығын қатаң сынға алға алған сала қызметкерлері ересектердің де қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамайтынына қынжылды.

Деректерді саралап шыққан мамандар көбіне масаң күйде шомылатындардың жайсыз оқиғаларға ұшырайтынына көз жеткізіп отыр. Сондай-ақ төтеншеліктер өңірдегі су айдындарында сүңгуірлердің жетіспейтінін де жасырмады.