//
Жаңалықтар 

Ордабасыда сорланған жерлерді қалпына келтіру жайы айтылды

Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков Төрткүл, Қараспан ауыл округіндегі егістік жерлерді аралап, шаруалармен кездесті.

123

Төрткүл аумағындағы дихандардың басты уайымы – ондағы егістік жерлерінің жылдан-жылға сорланып бара жатуы. Осыған орай, шаруалар аудан басшысына бұрынғы тік дренаждарды қайта іске қосу мүмкіндігін қарастыру жөнінде ұсыныс айтты.

Аудан әкімі жалпы Ордабасыдағы 187 тік дренаждың 95-іне құжат жинақталып, облыстық тиісті басқармаларға жолданғанын жеткізді.

Аталған мәселені шешуге қаржы бөлінсе, бұл ұсыныстарының жүзеге асатынын мәлімдеді. Айта кетейік, Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі 209 мың гектар.

Оның ішінде, егістік көлемі 76 мың гектарға жуықтаса, жайылым жер аумағы 104 мың гектардан асады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz