«Отырар-TV» қызметкері журналистер спартакиадасында жеңімпаз атанды

Бүгін БАҚ өкілдері арасында спорттық спартакиада басталды. Таң ертеңнен бастап тілшілер қауымы жоғары шеберлер спорт мектебінің залына бет алды. Биыл облыстық сынаққа 12 команда қатысып отыр.

 

3

7

Олар спорттың 9 түрі бойынша сынға түседі. Алғашқы күннің өзінде-ақ үздіктер анықталды. Бірінші волейболдан іріктеу кезеңі өтсе, кейіннен жүзуден де мықтылар шықты. Олардың арасында «Отырар» телеарнасының видео инженері Константин Гавшев бірінші орыннан көрінді. «Отырардың» әуесқой спортшысы 50 метрді 35 секундта жүзіп өтті. Ал екінші орында «Южный Казахстан» газетінің тілшісі , үшінші орынды «Қазақстан-Шымкент» арнасының өкілі жеңіп алды. Әріптестерімізді алда әлі тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, жеңілатлетика және футболдан сынақтар күтіп тұр.

vlcsnap-2016-06-01-17h41m09s97

 

Константин Гавшев, «Отырар» телеарнасының бейне инженері: «Жеңіске жететініме сенімді болдым, себебі сайысқа келгендегі мақсатым да жалғыз еді — әріптестерімнің артқан үмітін ақтау. Ал жүзу спорттық сайысына келетін болсам, жасымнан суда жақсы жүземін. Аса қиындық туындаған жоқ сондықтан! Жұмыс күндері жүзуге баруға уақыт болмағанымен, қолымыз қалт ете қалса болды спортпен айналысамыз ғой. Денсаулыққа пайдалы спортқа баршамыздың ден қойғанымыз дұрыс деп ойлаймын. Ал маған жанкүйер болған ұжымыма айтар алғысым шексіз!»

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР