«Отырар-TV» қызметкері журналистер спартакиадасында жеңімпаз атанды

411

Бүгін БАҚ өкілдері арасында спорттық спартакиада басталды. Таң ертеңнен бастап тілшілер қауымы жоғары шеберлер спорт мектебінің залына бет алды. Биыл облыстық сынаққа 12 команда қатысып отыр.

 

3

7

Олар спорттың 9 түрі бойынша сынға түседі. Алғашқы күннің өзінде-ақ үздіктер анықталды. Бірінші волейболдан іріктеу кезеңі өтсе, кейіннен жүзуден де мықтылар шықты. Олардың арасында «Отырар» телеарнасының видео инженері Константин Гавшев бірінші орыннан көрінді. «Отырардың» әуесқой спортшысы 50 метрді 35 секундта жүзіп өтті. Ал екінші орында «Южный Казахстан» газетінің тілшісі , үшінші орынды «Қазақстан-Шымкент» арнасының өкілі жеңіп алды. Әріптестерімізді алда әлі тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, жеңілатлетика және футболдан сынақтар күтіп тұр.

vlcsnap-2016-06-01-17h41m09s97

 

Константин Гавшев, «Отырар» телеарнасының бейне инженері: «Жеңіске жететініме сенімді болдым, себебі сайысқа келгендегі мақсатым да жалғыз еді – әріптестерімнің артқан үмітін ақтау. Ал жүзу спорттық сайысына келетін болсам, жасымнан суда жақсы жүземін. Аса қиындық туындаған жоқ сондықтан! Жұмыс күндері жүзуге баруға уақыт болмағанымен, қолымыз қалт ете қалса болды спортпен айналысамыз ғой. Денсаулыққа пайдалы спортқа баршамыздың ден қойғанымыз дұрыс деп ойлаймын. Ал маған жанкүйер болған ұжымыма айтар алғысым шексіз!»