Полицейлер рейд жасап, 6 жеңгетайды ұстады

ОҚО-да полицейлер рейдтік шара барысында 6 жеңгетайлық жайтын анықтап, 15 жеңіл жүрісті әйелді есепке алды. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2016 жылдың 21-23 маусымы аралығында жеңгетайлыққа қатысты қылмысты болдырмау, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру, адам саудасы және өзге де қылмыстарды болдырмау мақсатында «Стоп-траффик» жедел-алдын алу шарасын өткізген болатын.

Полицейлер рейд жасап, 6 жеңгетайды ұстады

Осы рейд кезінде тәртіп сақшылары 6 жеңгетайлық жайтын анықтады. Соның бірі — Шымкенттегі сауналардың бірінде тұтынушыларға интим қызмет көрсету үшін жеңіл жүрісті қыздардан 2 мың теңге көлемінде сыйақы алған сауна әкімшісі.

Осы жайт бойынша қылмысты кодекстің 309-бабымен (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Полицейлер рейд жасап, 6 жеңгетайды ұстады

Сонымен қатар тәртіп сақшылары ішкі істер органдарының есебіне жеңіл жүрісті 15 әйелді тіркеді. Ішкі істер департаменті өкілдерінің мәліметінше, полицейлер жыл басынан бері осы салаға қатысты 36 қылмысты тіркеген.

Олардың ішінде адам саудасы бойынша — 4 жайт, кәмелетке толмағандардың саудасы – 2 жайт, 3 адам ұрлығы, 3 заңсыз бас бостандығынан айыру жайты, 4 жезөкшелік ісіне тарту, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды жезөкшелік ісіне тарту бойынша 1 жайт тіркелген. Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру бойынша 20 жайт анықтады.

Полицейлер рейд жасап, 6 жеңгетайды ұстады

Өз кезегінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері адам саудасына қатысты қандай да бір оқиғаның құрбаны болса немесе белгілі бір ақпарат білетіндер болса, ОҚО ІІД сенім телефонына хабарласуын сұрайды: 98-00-56.

Полицейлер рейд жасап, 6 жеңгетайды ұстады

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР