//
Сайрам тұрғыны 1,5 келі есірткімен ұсталды Оқыс оқиға 

Сайрам тұрғыны 1,5 келі есірткімен ұсталды

Оңтүстіктің полицейлері 47 жастағы жергілікті тұрғыннан 1,5 келіден асатын есірткі затын тәркіледі. 2016 жылдың 24 маусымы күні есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында ірі көлемдегі есірткі затын сақтаумен айналысады деген күдікпен 1969 жылы туған Сайрам ауданының тұрғынын ұстады.

Сайрам тұрғыны 1,5 келі есірткімен ұсталды

Күдіктінің үйін тінту барысында полицейлер 6 полиэтиленді орамадағы марихуана тапты. Сот-криминалды сараптамасына сай, тәркіленген заттың салмағы 1,5 келіден асатыны белгілі болды.

Сайрам тұрғыны 1,5 келі есірткімен ұсталды

Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 296-бабымен (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сайрам тұрғыны 1,5 келі есірткімен ұсталды

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz