Сарыағаштық диқандар қарбыздарын шетел асырып үлгерді

Сарыағаш ауданының диқандары алғашқы өнімдерін қыр асыра бастады. Мәселен, Бозай ауылдық округінің шаруалары еліміздің солтүстік өңірлерін есептемегенде, көршілес Ресей мемлекетіне 137 тонна қарбыз жөнелтті. Еккен өнімді саудалап, қаржы көзіне айналдыру мәселесі ауданда жақсы жолға қойылған. Ол үшін Сарыағашта логистикалық орталықтар мен темір жол желісі күндіз-түні жұмыс істеп тұр.

Бүгінгі күннің өзінде онда қарбыздан басқа ерте пісетін жемістер өрік, шие, құлпынай, қараөрік пен көкөніс өнімдері сатылымға шыққан. Мұнан бөлек, алдағы он күн көлемінде ерте пісетін картоп пен қауын базар сөрелеріне шығады деп жоспарлануда. Айта кетейік, биыл Сарыағаш ауданында 77460 гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдері егілген.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР