//
Шегіртке қаптап келеді, ал ақша жұмсалмаған Жаңалықтар 

Шегіртке қаптап келеді, ал ақша жұмсалмаған

Оңтүстікте облыс мәслихатының депутаттары тұрақты комиссияда бас қосты. Халық қалаулылары облыстық бюджеттің атқарылу барысын талқылады. Өткен жылы облыс бюджеттің шығыны 99,9 пайызға игерілген. Ал ұқсатылмаған қаржы 522 млн теңге төңірегінде.

Өздеріне бөлінген соманы мақсатты жұмсай алмағандардың көшін денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және коммуналды шаруашылық басқармалары бастап тұр. Әсіресе, қажетті қаржыны зиянкестермен күресуге бөлмеген ауыл шаруашылығы басқармасының тірлігі депутаттардың ашуын туғызды.

Шегіртке қаптап келеді, ал ақша жұмсалмаған

Халық қалаулысының ашына сөйлеуінің жөні бар. Сала мамандары қажетті қаржыны тиімді жұмсамай кері қайтарған. Яғни, ауыл шаруашылығы жеріндегі зиянкестермен күресуге бағытталған 200 миллион теңге игерілмепті. Мұнысын жөн көрмеген халық қалаулылары шегірткемен күресті жандандырып, қаржыны шаруаларға көмек ретінде жұмсауға ұсыныстарын айтты.

Алқаптарды шегіртке басқан уақытта бөлінген қаржыны игермей қайтару ерсілік. Шырылдаған шаруаға мемлекет тарапынан көмек болмаса, сала мамандары көз жұма қараса егістіктер құрдымға кетеді. Осыны ескермеген жауаптылар депутаттардан сөгіс естіді.

Айта кетейік, облыс мәслихатының тұрақты комиссиясына облыс әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылығы, энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқарламаларының басшылары қатыспады. Сондықтан шығынға батқан шаруалардың мәселесін өз деңгейінде шешілмей тағы қалды. Десе де депутаттар егістікті сақтап қалудың орнына салғырттық танытып отырған сала мамандарын жауапқаа тартуды ұсынып отыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz