Шымкент әкімі базарлардағы өрт қауіпсіздігін қатаң қадағалауды тапсырды

Қаламыздың ірі сауда орындары, оның ішінде жоғары топқа жататындардың бірқатары кіші кәсіпкерлік немесе микрокәсіпкерлік субъектілері аталады. Ал осы санаттағы кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік тіркелу немесе қайта тіркелу уақыты 3 жылдан аспаса, аталған объектілерге тексеру жүргізілмейді. Іс жүзінде мұндай жағдай тексеру графигіне енгізілген жоғары топтағы сауда орындарының тексерілмеуіне алып келеді. Себебі субъект жақында ғана қайта тіркеуден өткен. Мысалы, «Сәуле» ЖШС-не қарасты «Оптовик» сауда орталығы, «Абесов» ЖК-ға қарасты «Алаш» базары, сонымен қатар түрлі заңды тұлғаларға қарасты «Жібек жолы» базары және «Арғымақ» автокөлік базары жоғары топтағы объектілерге жатқанымен, мемлекеттік тіркеуден қайта өтулеріне байланысты жақын арада тексерілмейді. Себебі, қайта тіркелгеніне 3 жыл толмаған.

Айта кететін жайт, сауда орындарының жетекшілері барлық өрт қауіпсіздігі талаптарын орындағанына қарамастан, барлық сауда орындарында қазіргі таңда қайта жобалау жұмыстары (реконструкция) жүргізілуде. Осының әсерінен жаңадан салынған сауда нүктелерінің саны нормадан асып жатады және базарларда үлкен көлемде сауда-материалдық заттар жинақталып, өту жолдарына кедергі жасайды.

 


Сонымен қатар өртке қарсы арақашықтық та сақталмай жатады. Өртке қарсы нормалардың талаптарында сауда қоймаларына және сатуға арналған бөлмелердің арасында міндетті түрде өртке қарсы қабырға болуы тиіс. Соның арқасында өрт туындағанда бір бөлмеден екінші бөлмеге өрттің таралуы мүмкін болмай қалады. Алайда, сауда-саттық жүргізіліп жатқан базарлардың ешқайсысында өртке қарсы қабырға қарастырылмаған. Жақында ғана өртке оранған «Исатай», «Оптовик» базарларындағы мүшкіл жағдайды осының дәлелі ретінде келтіруге болады.

Статистикалық мәліметтер бойынша 2012 жылы сауда орындарында 4 өрт оқиғасы, 2013 жылы 5, 2014 жылы 7, ал 2015 жылы 4 өрт оқиғасы тіркелді. Ал 2016 жылдың 5 айының өзінде 3 өрт оқиғасы тіркелді. 2015 жылы Түркістан қаласында орын алған «Қуаныш» базарында өрт шығынының өзі 1 млрд. 800 млн. теңгені құраған. Талдау барысында, сауда орындарындағы өрт оқиғаларының 80 пайызы өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаудан туындаған. Анықталған өрт себептерін зерттесек, сауда орындарының өртке қарсы жай-күйі өзіне аса жоғары назар аударуды талап етеді. Осы категориядағы объектілерде орын алған әрбір өрт оқиғасы үлкен әлеуметтік шиеленіске алып келеді, ал өте ауқымды ірі өрттер – базарлардағы сауда нүктелерін жалдап, өздігінен күнкөріс жасап жүрген кәсіпкерлерге материалдық шығын алып келетіндіктен, тіпті әлеуметтік қақтығыстардың да туындауына себеп болады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР