//
Шымкент әкімі журналистер қауымын құттықтады Жаңалықтар 

Шымкент әкімі журналистер қауымын құттықтады

28 маусым – байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай Шымкент әкімі ақпарат айдынында талмай еңбек етіп келе жатқан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін марапаттады. Ғабидолла Әбдірахымов Шымқаланың түрлі саладағы жетістіктерін насиxаттап жүрген бірқатар журналистерді төл мерекесімен құттықтады.

Шымкент әкімі журналистер қауымын құттықтады

Сонымен қатар қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров және Қазақстанның журналистері одағының облыстық филиалының төрайымы Айгүл Қаппарованың атынан бірқатар сый-сияпаттар табысталды.

Шымкент әкімі журналистер қауымын құттықтады

Шымкенттегі «Barvilla» мейрамханасында өткен салтанатты жиында қала әкімінің арнайы “Алғыс xатымен” “ТВК” телеарнасы директорының орынбасары Ринат Ғабитұлы, республикалық “Рейтинг” газетінің бас редакторы Ғалымжан Елшыбай, “Оңтүстік Қазақстан” газетінің бұқарамен байланыс бөлімінің меңгеруші Жеңіс Баһадүр сынды қатарлы бірқатар азаматтар марапатталды.

Шымкент әкімі журналистер қауымын құттықтады

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz