Шымкент әкімі қала тұрғынының шағымына жауап берді

220
Шымкент әкімі қала тұрғынының шағымына жауап берді

Шымкент әкімі қаладағы нашар көшелерге шағымданған тұрғынның видеосын назардан тыс қалдырмады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шымкент әкімі қала тұрғынының шағымына жауап берді

Таяуда Youtube видео-хостингінде Шымкент тұрғыны қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа жасаған арызы жайлы видео жарияланған еді. Онда қала тұрғыны тозып кеткен Мангельдин көшесіне назар аударуды өтініп, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жоғын, жол шетіндегі гүл дестелерінің қурап қалғанын көрсеткен.

Бүгін шаһар басшысы осы салаға жауапты мамандарды бастап, сол көшені тексеруге барды. Маңайды бақылаған әкім тез арада көшелерді шұңқырларды бітеп, арық-атыздарды тазалауға тапсырма берді.

Шымкент әкімі қала тұрғынының шағымына жауап берді

Бұған қоса жол шетіне жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін жол жасалатын болды. Ал егілген гүлді бөгеп тұрған құрылыс қоршауы алынып, ретке келтірілетін болды. Темірлан тасжолы бойындағы жаяу жүргіншілер жолын салу да аяқталуы керек.

Шымкент әкімі қала тұрғынының шағымына жауап берді

Бұған қоса Ғабидолла Әбдірахымов Қонаев даңғылы бойына жылдамдық өлшеуіш құралдарды орнатуды тапсырды. Соңғы уақытта мұнда көлік жылдамдығын асыру салдарынан болған жол апаты жиілеп кетті. Қазір тиісті ескерту белгілері қойылған. Жауапты мамандар тапсырмаларды орындауға таяу уақытта кірісеміз деп уәде берді. Ал қала әкімі өзінің азаматтық борышын атқарған тұрғынға алғысын айтты.