Шымкент әкімі: «Әлеуметтік желідегі шағымдарға жылдам жауап беру керек»

269
Ғабидолла Әбдірахымов
Әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен шағымдарға тез жауап беру керек. Шымкент қаласының әкімі осылай деп тапсырма берді. Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен жиында осы мәселеге баса мән беріліп, азаматтардың әлеуметтік желілер арқылы жазған шағымдарын қарау мәселесі талқыланды.
Ғабидолла ӘбдірахымовАйта кету керек, соңғы бір айда қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына 100-ден астам арыз-шағым келіп түскен. Өз сөзінде қала әкімі шаһар тұрғындарын толғандырған сұрақтардың, түрлі әлеуметтік шағымдардың әрқайсысына жауапты мамандар тарапынан толық, тұжырымды жауап берілуі тиіс екенін атап айтты.
Ашық әкімдік қызметкерлері азаматтармен тікелей қарым-қатынас жасаудан қорықпай, қайта олармен пікірлесіп, проблеманы бірлесіп шешуі керек деген әкім осылайша қала тұрғындары жергілікті басқарушы органның Шымкентті гүлдендіру жолында қандай жұмыс істеп жатқанын білуі қажет деп түйді.