Шымкент әкімі журналистерді құттықтады

445
Ғабидолла Әбдірахымов

Шымкент қаласының әкімі тілшілер мен журналистерді төл мерекесімен құттықтады.

Ғабидолла Әбдірахымов

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Баршаңызды бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Халық пен биліктің арасында алтын көпір болған Сіздер еліміздің дамып, өркендеуі үшін өлшеусіз үлес қосып келесіздер.

Сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіз, терең білімдеріңіз, үлкен тәжірибелеріңіздің көмегімен қаламыздың халқы барлық соңғы жаңалықтардан хабардар болып отыр. Біз бұқаралық ақпарат құралдарының төртінші билік өкілдері екенін ұмытқан емеспіз. Осы салада ершімді еңбек етіп келе жатқан сіздерге шығармашылық табыс, баянды бақыт, ортаймас бақ тілеймін!

Құрметпен, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.