Шымкент сыра зауытының бүгінгі жағдайы

«Тоқтар Төлешов мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалған». Шымкенттік бизнесменге қатысты атышулы іс Ақтөбедегі қанды оқиға күндері осындай сипатқа ие болғаны ешкімнің есінен шыға қойған жоқ. Жыл басында Астананың арнайы қызметімен ұсталып, есірткі мен қару-жарақ сақтаған деген айыппен қамауға алынған кәсіпкердің ісі арасында құпияланып та үлгерді. Бұл ретте жерлестері арасында жылдар бойы ол басқарған «Сыра зауытының тағдыры» не болмақ деген сұрақтар жауапсыз қалып келеді.

Қазіргі таңда зауыт ғимаратында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бұрынғысынша жұмыс жүріп жатыр. Кәсіпорын жетекшілері біздің түсіру тобына бірден өндірістің ішкі жүйесін де көрсете бастады. Зауытта біршама уақыт бойы тоқтап тұрған сыраны бөтелкелерге құю жүйесі жақында іске қосылыпты. Уақытша жұмыссыз қалған азаматтар ісіне қайта кіріскенін айтады.

Шымкент сыра зауытының бүгінгі жағдайы

Мұнан кейінгі цех — зауыттың жүрегі саналатын сыра қайнату цехы болатын. Алып колбаларда сыра дайындалады. Осы құтылардан өнім құю жүйесіне айдалады. Өндіріс аумағында тұрып, жұмысшылардан жалақы қаразына қатысты жағдайды білмеу мүмкін емес еді.

Бұған дейін жабық мекемелердің бірі болып келген зауытта бұл күні кез келген сұраққа жауап алуға мүмкіндік болды. Басшылық «жасыратын дәнеңе жоқ» деген ұстанымдамыз дейді.

Шымкент сыра зауытының бүгінгі жағдайы

Надежда Орт, «Дархан Group» ЖШС кадр және еңбек қатынастарын басқару бөлімінің бастығы: «Біраз мамандарды, бөлімді қысқартуға тура келді. Олар Төлешовтың отасына қызмет көрсетіп келген бөлім деуге болатын еді. Мысалы, химиялық тазалау, жеке көліктері тұратын гараж, көлік жуу орны, отбасына арналған ВИП-асхана, арнайы бөлінген күзет агенттігі. Осының бәрі бір отбасына қызмет еткен. Зауытта Төлешовтың туыстары басшылық қызметтерде тіркеліп, ақша алып отырған. Ол штаттарды қысқарттық. 4 әйелі компанияның бас директорының 4 бағыттағы орынбасарлары ретінде қомақты айлақ жалақы алып отырған. Олардан басқа бизнесменнің балаларына арналып та штаттық бірліктер ашылып қойған. Барлығы тек қағаз жүзінде жұмыс істеген. Бірақ зауытқа келмеген. Аларға ай сайын төленген жалақы 2,5 миллион теңгеден асады.»

Шымкент сыра зауытының бүгінгі жағдайы

Светлана Васильевна Лукиных, бас бухгалтер: «Осы тазарту шарасынан кейін біз ай сайын 40-60 млн теңге шамасында қаржы үнемдедік. Сол қаржы негізінде бүгінде айлық жалақы қарызын жаптық. Екі компания бойынша да қазір қарызымыз жоқ. Керісінше, қазір жұмысшылардың еңбекақысын 25-30 пайызға, кейбірінің айлығын 50 пайызға дейін көтердік. Ал жұмысшылардың бірде-бірін қысқартпадық. Қазір барлығы айлықты уақтылы алып жүр.»

Зауыт басшылығы нақтылағандай, кәсіпорында салық айналымына қатысты да тексеру жүргізілген. Соған байланысты қосымша құн салығы мен пайда салығы, акциздерге қатысты қордаланған 800 млн теңге көлемінде қарыз өтеліпті. Олар — зейнетақы жинақтау қорына бөлінетін қаржы және әлеуметтік салық, т. б төлемдер еді.

Светлана Васильевна Лукиных, бас бухгалтер: «Кешенді тексеруден белгілі болғаны, Төлешов барлық мерекелік іс-шаралары мен қымбат көліктерді сатып алу, тіпті, шетелдердегі демалыстарын зауыт есебінен жасаған. Зауыт кассасынан 8,5 млрд теңге алған. Яғни, кәсіпорын ұжымы бір отбасыға жұмыс істеген.»

Кездесу соңында зауыттың ендігі тағдырына қатысты сауалымызға нақты жауап та берілді.

Нұрғали Досанбаев, бас директордың міндетін атқарушы: «Менің пайымдауымша, зауытты АТФ Банк алады. Зауыт банкте кепілдікте тұр. Бірақ, жаңа басшылар келсе, олармен келіссөздер жүргізуге дайынбыз. Себебі, жұмысшылардың құқығын қорғауға ниеттіміз.»

Шымкент сыра зауытының бүгінгі жағдайы

Бұл кезде зауыт аумағында көліктерге сыра құйылған үлкен құтылар тиеліп, таратуға дайын тұрды. Бұл — зауыт жұмыс істеп тұр деген сөз.

Зәуре Оралбаева

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР