Шымкент тұрғыны бөтелкелесін пышақтап тастады

Шымкенттің полицейлері кісі өліміне қатысты 23 жастағы күдіктіні ұстады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

2016 жылдың 5 маусымы күні сағат 07:20 шамасында Қаратау полиция бөлімінің кезекшісіне Қайнар бұлақ саяжайы көшелерінің бірінде зорлық белгілері бар 25-30 жастағы азаматтың мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түседі.

Шымкентте кісі өліміне күдікті ұсталды

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы марқұмның жеке тұлғасын анықтады. Ол 1989 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны болған. Алдын ала анықталғандай, жәбірленуші пышақ жарақатынан мерт болған. Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 99-бабымен (кісі өлтіру) іс қозғалды.

Ары қарай Қаратау аудандық тәртіп сақшылары жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында кісі өліміне күдікті ретінде 1993 жылғы азамат ұсталды. Тергеу барысында күдікті марқұммен бірге спиртті ішімдік ішкендерін айтты. Соңынан араларында ұрыс туып, қайғылы аяқталған. Полицейлер айғақ зат ретінде асхана пышағын тәркіледі.

Қазіргі таңда күдікті қамауда жатыр. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР