Шымкент тұрғынының гаражынан 1,5 келі есірткі табылды

Шымкент қаласында тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынның қоймасынан 1,5 келі есірткі затын тапты. ОҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қала тұрғынына тиесілі гаражға тінту жүргізеді.

Шымкент тұрғынының гаражынан 1,5 келі есірткі табылды

Соның нәтижесінде 32 жастағы жігіттің қоймасынан 20 сіріңке қорабы және 2 полиэтилен түйіншекке салынған өсімдік тектес есірткі затын тәркіленді. Сот-криминалдық сараптамасына сай тәркіленген заттың марихуана және гашиш екені анықталды, жалпы салмағы 1,5 келіні құрайды.

Шымкент тұрғынының гаражынан 1,5 келі есірткі табылды

Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 297-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмысты іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР