Шымкентке білім және ғылым вице-министрі келді

Шымкентке білім және ғылым вице-министрі келдіШымкентке еліміздің білім және ғылым вице-министрі  Эльмира Суханбердиева іс-сапармен келді. Делегация өз жұмысын Шымкент аграрлы колледжінің өндірістік базасымен танысудан бастады. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген аграрлы салада маман даярлайтын оқу орны басшылары 5,5 гектарға салынғанорталықтың тәжірибесіне қанықты. Ауыл шаруашылығын дамытуда қолға алынып отырған тың технологиялар мен өзекті мәселелер ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқыланды.

Бір топ делегация оқу базасының аймағындағы жүзiм, алма плантацияларын аралап көрді. Қызанақ, болгар бұрышы, бидай, арпа, жүгерi егiлген жерлерде ала жаздай студенттер еңбек етiп, тәжiрибе жинайды. Егiстiк тамшылатып суарылады. Егiндi күтiп-баптауды агрономия және орман шаруашылығы бөлiмiнiң студенттерi мен оқытушылары жүргiзiп, теориялық бiлiмдерiн тәжiрибемен ұштастырады. База басшылары тәлімбақтан табыс табатын күн де алыс емес дейді.

Мұнда мал дәрiгерi мамандығына оқып жатқан студенттерді тәжірибемен қамту жұмысы да жолға қойылған. Мал қоралары салынып, онда төрт түлiк мал мен қояндар және зертханалық жануарлар қамалған. Осындай ерекшеліктері ескерліп, колледж еліміздегі үздік 10 базалық колледж қатарына енген. Айта кетейік, бүгінде елімізде аграрлы салада маман даярлайытын оқу орындарында 50 мың студент білім алып жатыр. Оның 82 пайызы мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР