//
Шымкентте қауын-қарбыз сатыла бастады Жаңалықтар 

Шымкентте қауын-қарбыз сатыла бастады

Шымкентте қауын-қарбыз сатыла бастады. Алғашқы өнімдерін шекара асырып жатқан дихандар қауын-қарбыздарын қала базарларына да жеткізді. Бүгін “Жібек жолы” сауда орнының зертханасы сол өнім құрамындағы нитраттардың адам ағзасына зиянын тексеріп шықты.

Шымкентте қауын-қарбыз сатыла бастады

Сала мамандарының айтуынша, ерте піскен бақша өнімдерінде нитраттың нормадан артық болуы заңдылық. Десе де бүгінгі тексерілген қауын-қарбыз адам денсаулығына аса қауіпті емес. Бірақ сонда да аса көп мөлшерде пайдаланбауға кеңес берді. Шымкент қаласының базарларында саудаланып жатқан қауынның келісі 70-80 теңге болса, қарбыз 40 теңге дейді сатушылар. Өнім көбейген сайын оның бағасы да арзандайтыны нарықтағы заңдылық.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz