Шымкентте 4 жасар қыз арыққа батып кетті

334
Шымкентте арыққа 4 жасар қыз батып кетті

Шымкенттің қақ ортасында қайғылы жағдай болды. Төрт жасар қыз арыққа ағып кеткен.

Оқиға кешкі сағат 8-дер шамасында болған дейді куәлер. Павлов көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында балалар ойнап жүрген. Арасында 4 жасар қыз да бар. Әдеттегідей, жақын жерде ағып жатқан каналға аяғын сулап алмақ болған бүлдіршін байқаусызда суға құлап кетеді.

Шымкентте арыққа 4 жасар қыз батып кетті

Аяқ астынан у-шу болған тұрғындар бүлдіршінді іздей бастайды. Біреулері құтқарушыларға хабарласып, көмек сұраған. Оқиға орнына арнайы жасақтың мамандары келгенше қыздың анасы мен көршілері сәбиді өздері іздей береді.

Шымкентте арыққа 4 жасар қыз батып кетті

Суға ағып кеткен қызды іздеу 2 сағатқа жуық уақытқа созылды. Соңында табылған бүлдіршінді сүңгуірлер жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Өкінішке орай, жас баланың демі үзылып кетіпті.