Шымкентте алғашқы веложоба Астана күнінде ашылады

Шымкентте алғашқы веложолды Астана күні қарсаңында пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімі хабарлады.

Шымкентте алғашқы веложоба Астана күнінде ашылады

Шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде әкімнің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов облыс орталығындағы велосипед туризмінің даму жағдайы туралы баяндама жасады.

Бұл қадам «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, Шымкент қаласының әкімдігі және Қазақстан велоспорт федерациясы арасында жасалған үш жақты меморандумға сәйкес қолға алынып отыр. Нәтижесінде жобаның алғашқы кезеңі бойынша қаланың орталық 9 көшесі мен 2 алаңға арнайы веложолақтар салу үшін қайта құрылымдау жүргізілмек.

— Аталмыш жоба қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, экологиялық ахуалды жақсарту, велоспортты, инфрақұрылымды, сондай-ақ велоспорт туризмін дамытуды көздейді, — деп атап өтті Бейсенбек Жанбосынов.

Жоба аясында қалада велосипедтерді жалға берудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылмақ. «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен алғашқы кезекте Франциядан арнайы 200 велосипед сатып алынады. Бұл үшін 40 станция жұмыс жасайды. Арнайы тапсырыс негізінде велосипедтерге GPS қондырғылары орнатылып, Шымкент қаласының жаңа туристік логотипі бейнеленеді.

Шымкентте алғашқы веложоба Астана күнінде ашылады

Айта кетер жайт, жылдық абонент картасын қала тұрғындары 6 000 теңгеге сатып ала алады. Сондай-ақ, әр велосипедті жалға алу құны — сағатына 100 теңге болады деп күтілуде.

— Ел аумағында велосипедті жанына серік еткендер үшін Астана мен Алматы қаласында ғана лайықты жағдай жасалған. Елдегі үшінші мегаполис қала ретінде Шымкентте де велосипед инфрақұрылымын дамыту маңызды. Бұл үшін қаланың ауа-райы мен климаты да оңтайлы мүмкіндіктер береді. Ең алдымен, бұл әрбір адамның өз денсаулығы үшін пайдалы, екіншіден, қаржылық үнемдеуге қол жеткізе алады, үшіншіден, қала көшелеріндегі көлік тығынын азайтып, экологиялық ахуалды жақсартуға септігі мол болмақ, — деді қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы.

Шымкентте алғашқы веложоба Астана күнінде ашылады

Шымкент әкімі жауапты сала мамандарына, әсіресе, сенбі-жексенбі күндері көлік жолының оң жақ өткелдерінде қозғалыс жылдамдығын сағатына 40 шақырымға дейін шектеуді ұсынды. Осыған орай толық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нақты шешім әзірлеу үшін жауапты сала мамандарына 2 күн уақыт берді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР