Шымкентте арықтан граната табылды

256
Граната
Фото: //mopedist.ru

Шымкентте граната табылды. Жарылғыш зат үйренуге арналған болып шықты. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Граната
Фото: //mopedist.ru

2016 жылдың 6 маусымы күні кешкі уақытта Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының Абай полиция бөлімінің кезекшісіне суыт хабар түсті. Қоңырау шалғандар қала көшелерінің біріндегі арықтан гранатаға ұқсас заттың табылғаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері екі граната тауып алды. Кейінірек тексеру барысында табылған екі жарылғыш заттың оқу-үйренуге арналған граната екенін анықтаған. Табылған зат тәркіленді. Тексеру жүргізілуде.