Шымкентте электр жүйесі қайта жаңартылып жатыр

Шымкентте электр қуатын тұтынушылар үшін жаңа тізім түзіліп, сәйкестендіру шарасы жүргізілуде. «Энергопоток» ЖШС-і ұйымдастырған шарада әрбір үй иесіне тиісті құжаттар өткізуге он күн тағайындалған болатын. Нақтырақ айтқанда, бұл ескертпені электр энергиясымен қамтамасыз етіліп отырған 50 мың үй иесі алған. Себебі, аталған үйлердің бірі көшіп, баспанасын ауыстырса, келесі бірінде «үй кітапшасындағы» тіркеудегі азаматтар кеміп не көбейген.

123

Бұл жайында «Энергопоток» ЖШС заңгері Ш.Жармағамбетова: «Азаматтар арасында үй сату және сатып алу келісім шартынан соң, бізге жаңарған құжаттарды өткізбейді. Нәтижесінде, бұрынғы немесе кейінгі мөлшермен қарыздар қалып қояды. Бүгінде электр қуатын төлеу жөніндегі түбіртекте адам саны қате жазылған, төлейтін сома көп деген сияқты шағымдармен халық наразылығы тууда. Қазіргі сәйкестендіру кезеңі осы сынды мәселелерді оңынан шешу үшін жүргізіліп отыр», — деп түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының электр қуатын үнемдеу туралы тапсырмасынан кейін дифференциалды тариф жүйесі түзілген еді. Шымкентте тұтыну нормасы 70 кВт-ты құрайды, яғни, үйде 2 адам тұрса 140 кВт үшін төлем алынады. Бұл тұтынушылар үшін тиімді.

Айта кетейік, құжаттарды сәйкестендіру жөніндегі ескерту хаттарын тек толық құжаттары жоқ абоненттер ғана алған. Отбасы мүшелерінің саны немесе тіркелу құжаты туралы сауалыңыз болса, Сізге «Энергопоток» ЖШС-нің 55-81-05 «cаll-орталығы» қызмет көрсетеді.

ОҚО әкімі баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР